Әмір Оқас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Әмір Оқас (т. ж. б. — 1447) — Ноғай ордасының ханы.

Өмірбаяны

Ноғай Ордасының басқару тағына Едігенің немересі Нұреденұлы Оқас отырғаннан бастап, астана Сарайшыққа ауысты.

Әмір Оқас — Ақ Орда ханы Әбілқайыр дың (1428—1468) замандасы. Ол билеген тұста Ноғай Ордасы Әбілқайыр билеген көшпелі өзбек-қазақ тайпалар бірлестігіне қараған. Сондықтан да Әмір Оқас Әбілқайырдың Дешті Қыпшақ тағын иемденуіне көмектеседі, оның бас кеңесшісі болады. Ол Әбілқайырдың Сырдарияны алуына, 1446 ж. Үзгент қ-сын жаулауға қатысты. 1447 ж. Оқас қайтыс болғаннан соң, отыз ұлды Оқастың балалары Әбілқайырдан бөлініп, Жайық бойындағы өз ордаларын нығайтуға бет бұрады.

Естеліктер

1999 жылы Сарайшықта бой көтерген хандар пантеонында Әмір Оқасқа арналып құлпытас қойылған.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер