Әмір-әл-умара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмір-әл-умара - Шығыс елдеріндегі ең жоғарғы әскери атақ, арабша «әмірлердің әмірі» деген сөзі. Елдің бүкіл әскерін басқару үшін әскербасы әмірлердің ішінен бас қолбасшы - Әмір-әл-умара сайланады. Мұндай әскери дәрежеге ие болған адамға әскери тулар, дәреже белгісі - байрақ, бас қолбасшы дабылы (накар) тапсырылады. Бұл әскери белгілерді алып жүретін арнаулы адамдар тағайындалады. Бас әмір хан кеңесінің, әскери кеңестің мүшесі болып, ерекше құрмет белгісі ретінде иелігіне ұлыс, уәлаяттар беріледі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әмір-әл-умара|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}