Әмірхан Балқыбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмірхан Балқыбек - (19.5.1969 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы) - 08.04.2014 жылы қайтыс болды. Ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1995). 1989 - 90 жылдары. Шардара ауданы "Өскен өңір" газетінде тілші, 1995 - 2000 жылдары. "Парасат" журналында, "Жас Алаш", "Ана тілі" газеттерінде тілші, 2000 - 2004 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір "Жас қазақ" газетінде бөлім редакторы. Өлең топтамалары "Ауылдан ұшқан аққулар", "Толқынпан толқын туады", "Жас ақындар поэзиясының антологиясы" ұжымдық жинақтарына енген. "Метаморфоза" (1996), "Сынған сәуленің шағылысуы" (2001) жыр жинақтарының авторы. 1997, 1998 жылдардағы ҚР Президенті стипендиясының иегері.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Ақын 2014 жылы 8 сәуірде қайтыс болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}