Әмен Елемесұлы Тұяқов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмен Елемесұлы Тұяқов<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>(12.2.1938 жылы туған, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факултетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс (1965, 1967), қола (1962, 1964) және 200 м-ге жүгіруден алтын (1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері (1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атынд. мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1965).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әмен Елемесұлы Тұяқов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}