Әлімжан Елен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елен Әбдуатұлы Әлімжан (18.6.1945 жылы туған, Талас ауданы Аққұм ауылы) – жазушы, драматург, публицист. ҚазҰУ-ды бітірген (1968).

Еңбек жолы

Еңбек жолын Қазақ теледидарында бастаған. Жамбыл облысындағы "Еңбек туы" газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970 - 76), облыстық партия комитетінің нұсқаушысы (1970-80), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Жамбыл облыс бойынша меншікті тілшісі (1980 - 91), Жамбыл облысының телерадиокомпаниясының төрағасы (1991 - 96), "Түркістан" газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы (1997 - 98) қызметтерін атқарған.

Қазір Жамбыл облысында "Ақ жол" газетінің бөлім меңгерушісі. "Ән сыры" атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының "Таңғы шық" атты жинағында (1964) жарық көрген. Одан кейін "Оралу" (1978), "Көріпкел" (2000) атты повестер мен әңгімелер жинақтары шықты. Көптеген драма шығармалардың авторы. "Жанталас" атты комедиялары, "Жанұран" атты музыкалық комедиясы Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Торғай облысы, Жетісай қалалық, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрларында, "Тақталас" пьесасы "Кресло" деген атпен Жамбыл облысында орыс драма театрында қойылған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}