Әлмейін

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әлмейін (шамамен 19 ғасырдың 50-жылдары, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы1934, сонда) — айтыскер ақын. Бір термесінде:
“Ақындығым өзімше,
Сарыбастан ілгері,
Сүйімбайдан сәл кейін”, — деп, ақындық өнердегі орнын өзі белгілейді. Ел аузында сақталған өлеңдеріне қарағанда, ол тапқыр да батыл, өр ақын болған. “Менің атым Әлмейін”, “Ноғайбайға”, “өтеген атқан таңдай күннен туған” тағы басқа өлеңдері Әлмейіннің ақындық қуатын айқын көрсетді. Байтай, Беке, Жұмабек, Үрпек есімді балалары болған. Бұлардан өсіп-өнген ұрпақ қазір де Қордай ауданында тұрады. Ақын мүрдесі Ақылытас зиратында жерленген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала