Әлмағамбет Оспанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлмағамбет Оспанұлы (1886, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі мекені1966, сонда) — ақын, ұстаз, молда. Торғай қаласындаЫ. Алтынсарин ашқан қолөнер мектебінде оқып, 1905 жылы бітірген. 1911 — 16 жылдары Троицкідегі “Расуля” медресесін тамамдаған. 1917 — 23 жылдары өз ауылында “Бостандық” мектебін ашып, А.Байтұрсынов емлесімен сабақ берген. 1925 жылы Торғай уезі мұсылмандары Әлмағамбетті дін басшысы — Мұхтасиб етіп сайлады. Осы қызметі үшін Әлмағамбетті Кеңес өкіметі қуғынға ұшыратып, екі рет тұтқындап (1929, 1931), екеуінде де 10 жылға соттады. Ақталып шыққан соң Ақтөбе облысының Ырғыз, Қостанай облысының Жангелдин, Қарабалық аудандарында мұғалім болып істеді. 1941 жылы “халық жауы” деген жаламен қайтадан 8 жылға сотталып, кейін Маринскіге жер аударылды. 1944 жылы босап шығып,1961 жылы туған ауылында қайтып оралды. Әлмағабеттің алғашқы өлеңдері “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде жарияланған. Оның “Қош, Торғай” деген көлемді толғауы, “Жастарға айтар сөз”, “Арақ туралы”, “Жазушыдан ақырғы сөз” деген өлеңдері халық арасына кең тараған өлеңмен жазған шежіресі бар.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}