Әли Есмәмбетов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әли Есмәмбетов (17 қыркүйек 1914 жыл Қызылорда облысы, Қазалы ауданы - 1942 жыл) - ақын.
Өмірбаяны
- Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1936).
- 1937-1941 жылдары Қазақтың мемлекеттік әдеби баспасында («Жазушы» баспасы) «Октябрь балалары», «Ұлан» газетінде, «Жас алаш» газеті редакциясында қызмет істеген.
- Мұнымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы жастар секциясын басқарған.
Шығармалары
- Тұңғыш жинағы — «Өлеңдер» 1938 жылы шықты.
- «Қазақстан»
- «Бомба»
- «Адмиралдар океанда»
- «Шолпан» атты поэмалары бар.
- Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В. Маяковскийдің, С.Стальскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>