Әлия Нұрматқызы Хакімжанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хакімжанова Әлия Нұрматқызы1948 жылы Қостанай облысының Қостанай ауданындағы Островка деген жерде туған. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген (1970).<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Еңбек жолын Алматыдағы А.С.Пушкин атындағы ұлттық кітапханада бастайды. "Қайнар" баспасында 1975-1992 жылдар арасында қызмет істеген: әуелі машинка басушы – хатшы, корректор, редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі сатыларынан өткен. "Ғылыми техникалық" редакцияда, "Ауыл жаңалығы" редакциясында сол тұстағы озат тәжірибелерді насихаттайтын басылымдарды шығарумен айналысты.

Әлия Нұрматқызы қайнарлықтардың жадында іскер, білімді, қоғамдық қызметтерге белсене қатысқан баспагер ретінде қалды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}