Әлихан Төре Сағуни

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлихан Төре Сағуни — (1885, Қырғызстан, Тоқмақ — 1976, Ташкент) — қоғам қайраткері, діни ғұлама, Шыңжаңның үш аймағында құрылған Шығыс Түркістан республикасы уақытша үкіметінің төрағасы (1944 — 46). Ұлты — өзбек.

Әкесі Әндіжан көтерілісі басшыларының бірі есебінде Ресей отаршылары тарапынан қуғынға ұшыраған.

Әлихан Төре екі рет Меккеге қажылыққа барып, Сауд АрабиясыныңЖидда қаласында, Бұхарададіни және дәрігерлік білім алды. 1929 жылы Кеңес өкіметі діндарларды қуғындаған кезде Құлжа қаласына көшіп барып, діни насихат жүргізген, мұсылмандарды Шэн-Ши-Сай үкіметінің озбыр саясатына қарсы көтеруге әрекет еткен. 1937 — 41 жылдары Шэн-Ши-Сай үкіметі тұтқында ұстады. 1941 жылы түрмеден шыққан соң, Құлжадағы ең үлкен Байтулла мешітінің бас имамы болды. 1944 жылы 4 сәуірде Шыңжаңда “Құлжа азаттық ұйымы” құрылып, оның төрағасы міндетін атқарды. Сол жылы 12 қарашада Шығыс Түркістан республикасы уақытша үкіметінің төрағалығына сайланды. Әлихан Төре ашық түрікшілдік және исламдық бағыттағы ой-пікірлерімен Шығыс Түркістанның жергілікті халықтарымен Орталық Азиядан келген эммигранттарға ықпал етті. Халықты дін және түрікшілдік идеясы арқылы оятуға тырысып, Шығыс Түркістанның түбегейлі тәуелсіздігін уағыздады. Бірақ Шыңжаңдағы оқиғаларға сырттан түрлі саяси күштердің араласуы ұлт-азаттық қозғалысының мақсат-мүддесін күрделендіріп жіберді. Осындай жағдайда Әлихан Төре Кеңес Одағына кетуге мәжбүр болды (1946).<ref>Қазақстан энциклопедиясы 1-том</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлихан Төре Сағуни|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}