Әлихан Сүлейменов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әлихан Сүлейменов (1912, Шымкент қ. - 1957) - аудармашы. Жамбыл қаласындағы педагогикалық техникумын бітірген. Мектепте мұғалім, аудандық оқу бөлімінің бастығы, "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетінде жауапты хатшы, жауапты редактор болды. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1945 - 47 ж. "Қазақстан пианері" газеті редакторының орынбасары болып жұмыс істеген. Балаларға арнап "Төрт түр" деген (1936) кітап жазған. "Науаи", "Обломов", "Оттар", "Константин Заслонов" романдарын, А.С. Пушкин, С.Маршак, А.Барто өлеңдерін, ертегілерін қазақ тіліне аударған. "Жауынгерлік ерлігі үшін", "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" және басқа да медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала