Әлиаров Есенжол Қаниұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әлиаров Есенжол Қаниұлы (1.1.1956 жылы туған, Жаңақорған кенті) – саясаттану ғылыми докторы (2006). Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген (1978). 1978 – 81 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Талгарский» кеңшарында инженер-механик, 1981 – 83 жылы сол ауданының «Октябрьский» кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы, 1983 – 84 жылы ЛКЖО Алматы облысы жұмысшы ауыл жастары бөлімінде нұсқаушы, 1984 – 86 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ЛКСМ комитеттінің 1-хатшы, 1986 – 88 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы партия комитеттінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1988 – 89 жылы сол бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1989 – 91 жылы Қазақстан ЛКЖО Алматы облысы 1-хатшысы, 1991 – 94 жылы «Асар» ассоциациясының президенті, 1995 жылдан «Казинтермол» ЖШС-нің бас директоры. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub