Әлеуметтік зерттеулер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлеуметтік зерттеулер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}