Әлеуметтанулық әдіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси шынайылықты зерттеудің мейлінше іргелі әдістерінің бірі болғандықтан ол белгілі бір жалпыәлеуметтік теорияларға сүйенеді. Бұған саяси шынайылықтың (қондырма) қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына (базис) қатаң тәуелділігін анықтайтын қоғамдық дамудың маркстік концепциясы;

саяси дамуды копфакторлы процесс ретінде қарастыратын әр түрлі

позитивистік мектептер; әр түрлі елдердегі саяси процестерді салыстырмалы тұйық жүйе ретінде қарастыратын қоғамдық дамудың тарихи-мәдени концепциялары жатады. ;
Әлеуметтанулық әдіс саяси өзгерістердің терең негіздерін іздеуімен және осы өзгерістердің бастауы болып табылатын адамдардың әлеуметтік жіктелуінен туындайтын мүдделердің әр түрлілігін қарастыруымен құнды. Бұл әдіс дербес білімдер жүйесі мен өзінің жеке пәні бар ғылымға айналу процесінде тұрған саясаттанудың бір саласы — саяси әлеуметтануда негізгі әдістер қатарында қолданылады.

<ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}