Әлен Жеңісханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлен Жеңісханұлы (1889, Шынжан Алтай аймағы, Жеменей ауданы — 1961, Үрімші қаласы) — Қытайдағы Алтай қазақтарының жүн ваңы (князі). Ақсүйек отбасында туған. Бала кезінде ауыл мектебінде оқыған. 1915 жылы Пекин үкіметі оған жүн ваң лауазымын берді. 1933 жылы Шыңжаң өлкелік үкіметінің мүшесі болды. 1939 жылы Шынжан губернаторы Шиң Шысай әмірімен Үрімші түрмесіне қамауға алынды. 1944 жылы Үш аймақ төңкерісінің қысымымен Гоминьдан үкіметі оны түрмеден босатып, өлкелік комитет бастығының орынбасары, Алтай аймағы уәлиінің орынбасары етіп тағайындады. 1950 жылы Шыңжаң өлкелік халық үкіметі мәслихат кеңесінің кеңесшісі, 1955 жылы Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданының саяси-мәслихат кеңесінің мүшесі болды. Әлен Жеңісханұлы демократиялық бағытты ұстанды, қазақтардың егін, мал шаруашылығын дамыту мақсатында Қазақстаннан ауыл шаруашылық машиналарын, асыл тұқымды аталық мал жеткізді.

Дереккөздер

Қазақ ұттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлен Жеңісханұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}