Әлем (пәлсапа)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлем (араб тілінен — жарық дүние; дүние; халық, бұқара, қауым) — тұтастықты бейнелейтін ұғым.

Қазақстан дәстүрлі дүниетанымында әлем — жер жүзі, жеті қабат жер асты, жеті қат көктен тұрады. Әлем ұғымы сондай-ақ жиынтықты да білдірген: адамзат әлемі, табиғат әлемі, рухани әлем, т.б.

Қазіргі ғылыми түсінікте әлем мен ғалам ұғымдарының ара жігі ажыратылған. Ғалам ұғымы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ, пішіні сансыз көп өзгеріске түсе алатын және қазіргі заманғы астрономиялық құралдармен зерттеуге болатын ғарыш кеңістігін білдіреді.

Ал әлем сөз мына мағыналарында қолданыладыі:

Кейбір әдебиеттерде бұл екі атау бір-бірінің орнына ауыстырылып қолданылып жүр.

Әлемтанудың принциптік бастамасы — оның заттылылығын, объективтілігін, санадан тәуелсіздігін мойындау. Әлемде мәңгі әлемді құрайтын заттар ешқашан жойылмайды, ол үнемі бір түрден екінші түрге ауысып отырады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}en:World#Philosophy