Әлем халықтарының демографиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлем халықтарының демографиясы — Жер шарын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың өсіп-өну деңгейі мен даму сатыларын, олардың болашақта сан жағынан көбею мүмкіншілігін зерттеп, ғылыми болжамдар жасайтын жан-жақты ақпараттық жүйе. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ұсынысы бойынша әрбір он жылда бір рет оған мүше мемлекеттердің барлығы халық санағын жүргізіп отырады. Әлем халықтарының демографиясына арналған ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның соңғы халықаралық ғылыми конференциясы 1994 жылы 5 — 13 қыркүйекте өткізілді. Египет астанасы Каирде өткен бұл конференцияға 191 мемлекетпен бірге тұңғыш рет Қазақстанның ресми үкіметтік делегациясы да қатысты. Әлем халықтарының демографиясын зерттейтін мемлекетаралық ұйымдар қатарына БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ, әлемдік денсаулық ұйымы (ВОЗ), Әлемдік азық-түлік ұйымы (ФАО), БҰҰ-ның демографиялық дамуға әсер ету ұйымы (ЮНБА), Парламент мүшелерінің демография мәселелері бойынша әлемдік комитетті (СМРД), Елді мекендер жөніндегі Халықаралық Хабитат ұйымы, Халықтардың өсіп-өнуін жоспарлау мен реттеу жөніндегі әлемдік ұйым (ВДНП) т.б. жатады. Қазақ халқы өзінің табиғи түрде өсіп-өну қарқыны жағынан әлем халықтарының демографиясылық даму деңгейінен төмен түсіп барады (тиісінше әлем бойынша орта көрсеткіш 1998 жылы — 1,5%, қазақтарда — 1,1%). Мұндай тез бәсеңсу (демографиялық депрессия) нарықтық экономикаға жедел енуден туған тұрмыстық, экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға байланысты. Әлем халықтарының демографиясы бойынша (1994 жылы) Жер шарында адамзат баласының жалпы саны 6 млрд-қа жақындап қалды. Оның сандық өсіп-өнуінің алғашында қатты бәсеңсіп, кейін мүлдем тоқтауына негізінен қоршаған ортаның нашарлауы ғана емес, адамзат қоғамының нарықтық, әлеуметтік-экономикалық жедел дамуы және халықтардың демографиялық мінез-құлқы тез өзгеріп, қайтадан тығыз жақындауы себеп болды. Халықтардың ең жоғары өсімі 20 ғасырдың екінші жартысы мен 21 ғасырдың бірінші жартысындағы демографиялық дүмпу немесе өсіп-өну тасқыны ретінде сипатталады. Осы жүз жыл ішінде (1950 — 2050 жылы) жер шарында тұрғындар саны 9 млрд-қа дейін жедел өсе түспек. Оның салдарынан қоршаған ортаға күшті қысым жасалып қана қоймай, табиғи байлық қоры таусылып, азық-түлік тапшылығы күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан халқы тығыз орналасқан Қытай, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Египет, Нигерия, Мексика, Коста-Рика, Парагвай, Гаити сияқты елдерде халық санының өсімін теңеуге, тіпті тоқтатуға арналған белсенді демогр. саясат ұсынып отыр. Бұған, керісінше, жері кең, халқы сирек, табиғи байлығы толық меңгерілмей жатқан Канада, Австралия, Бразилия, Ангола, Қазақстан, Моңғолия сияқты елдерде тұрғындар санының кемімей, қайта өсуіне күш салынуда.

Өзінің ұлттық мүддесі мен аймақтық жағдайына сәйкес ҚР Еуразияның кіндік ортасында үлкен территорияда орналасқан жас мемлекет ретінде халқының тұрақты өсуіне және геостратег. жағдайының орнықты болуына бағытталған белсенді де тиімді демогр. саясатты ұстанып отыр. Ол Республика Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұлттық қауіпсіздік шараларына енгізілген.

Дереккөздер

Назарбаев Н., “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы”, А., 1998; Тәтімов М., Ақшалова М., “Қазақстан Республикасында дербес демографиялық саясаттың қалыптасуы”, А., 1997.

Қазақ ұттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлем халықтарының демографиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}