Әлем елдерінде телехабарлар тарату процесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлем елдерінде телехабарлар тарату процесі – соғыстан кейін шетелде де теледидар тез қайта қалпына келтіріле бастады.<ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Англияда теледидар хабарларын тарату 1946 жылы Еуропаның қалған елдері мен Жапонияда 1952-53 жылдары қайта қалпына келтірілді. ГДР-да теледидар хабарлары 1952 жылы 21 желтоқсанда басталды. Прага теледидарының бірінші хабары 1953 жылы 1 мамырда берілді, ал келесі жылы КСРО-ның техникалық көмегінің арқасында Еуропаның басқа да елдерінде телехабарлар тарату басталды. Бастапкыда телекөрермендердің саны аз болды. Мысалы, ГДР-да 1954 жылы бар-жоғы 4000 телевизор болды. Жапонияда 1953 жылы көктемде үш телеорталық (Токио, Осака, Нагоя) жұмыс істеді, хабарларды бар-жоғы 886 телевизор қабылдады, олар негізінен шетелдік өндірістің өнімдері еді. Алайда 2-3 жылдан соң радио-техникалық аппаратура өндірісінің тәжірибесі бар елдердің барлығында телевизорлар шығару жолға қойылды, ал теледидар антенналары бүкіл дүниежүзі қалалары мен ауылдарындағы ғимараттардың шатырларынан тұрақты орын ала бастады. 1955 жылы үлгілік телеорталықтар Ригада, Харьковта, Минскіде, Таллинде, Свердловскіде (казіргі Екатеринбургте) жумыс істей бастады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}