Әлемде журналист кадрларын дайындаудың үш жолы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлемде журналист кадрларын дайындаудың үш жолы. <ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Біріншісі – университеттік (төрт жылдық бакалавр, екі жылдық магистрлік, аспирантура) білім. Екіншісі – басқа мамандық иелерін журналистикаға икемдеу арқылы азғана уақытта біліктіліктерін арттыру. Үшіншісі – өз саласы бойынша университеттік білім алып шыққан маманды қосымша курстар арқылы білімі мен біліктілігін тағы бір шыңдай тусу. Осылардың ішіндеті әлемдік озық тәжірибе негізіндегі маман даярлау талаптарына сай келетіні – біріншісі. Себебі, мұнда шәкірттеріміз журналистиканың кырсырын, яғни онын тарихын, теориясын, психологиясын, логикасын, тағы басқа толып жаткан ішкі мәселелерін игеріп шығатын болады. Мұның келешегінің кемел екендігі осында жатса керек. Ең бастысы, шәкірт университеттік білім алып қана қоймай, оны одан әрі шыңдағысы келсе, журналистика ғылымымен де айналыса алады. Кешегі Кенес жүйесінің орталығы Ресейде тек қана баспасөзді зерттеу проблемаларымен айналысатын ғылыми зерттеу институты жұмыс істеді. Онда жүздеген ғалым жұмыс жасайды. Осы бір ғана мысал журналистиканың машық емес, мамандық, ғылым, теория, т.б. екендігінен нақты хабар береді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}