Әкім Ұртайұлы Әшімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Әкім Ұртайұлы Әшімов, Әкім Тарази (9.9.1933 ж.т., Алматы станциясы) — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1968).

Қаз-ПИ-ді бітірген. Жамбыл облысының Шу ауданы мұғалім (1956-58), "Ара" журналында фельетонист (1958-59), "Қазақстан пионері" газетінде жауапты хатшы (1962- 70), "Қазақфильм" киностуциясында сценарийлік редакциялық алқа мүшесі, бас редактор, 1970-71 "Литературная газетаның" Қазақстан бойынша тілшісі, 1971-80 жылдары Қазақстан Кинематографиялық одағы басқармасының 1-хатшысы болды. 1986- 91 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1991-93 жылдары Қазақстан Ресупбликасы Мәдениет министрлігінің кеңесшісі, 1993-95 жылдары "Қаржы-қаражат" журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті.

Шығармалары

Әшімовтің алғашқы кітабы

  • "Құйрықты жұлдыз" повесі 1966 жылы шықты.
  • "Үлкен ауыл" (1968),
  • "Асу-асу" (1970),
  • "Көкжиек" (1980),
  • "Басынан Қаратаудың" (1984) повесть-әңгімелер,
  • "Қыз махаббаты" (1982) пьесалар жинақтары,
  • "Бұлтқа салған ұясын" (1978),
  • "Тасжарған" (1980),
  • "Кен" (1986),
  • "Жаза" (1998),
  • "Шер" (2000),
  • "Махаббат жыры" (2001),
  • "Қиянат" (2002) романдары жарияланды.

Сондай-ақ ол

  • "Күлмейтін комедия" (1966),
  • "Жақсы кісі" (1968),
  • "Жолы болғыш жігіт" (1972),
  • "Қос боздақ" (1985), т.б. пьесалардың,
  • "Тұлпардың ізі" (1964, реж. М.Бегалин),
  • "Арман-атаман" (1965, реж. Ш.Бейсенбаев),
  • "Қараш-Қараш оқиғасы" (1972, реж. Б.Шөмшиев), т.б. кино­фильм сценарийлерінің авторы.

Фолиянт баспасында 8 томдығы толық шыққан:

  • 1. Тасжарған
  • 2. Қиянат. Жаза.
  • 3. Тырна,тырна,тырналар. Ақбердінің ауласы.Москва:баласаз. Сарманқұл. 2999999+1. Әнім сен едің.
  • 4. Құйрықты жұлдыз. Қодарқұл.Жадыра.Аспанбай мен Райгүл. Аяз бен Биби.
  • 5. Қорқау жұлдыз. Шер.
  • 6. Мұстафа Шоқай.
  • 7. Тәж. Эсселер.
  • 8. Аспан айналып жерге түскен күн.


Бірқатар кітаптары орыс, венгр, чех, неміс тілдерінде жарық көр­ген. 2002 жылы "Жаза" романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әкім Ұртайұлы Әшімов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}