Әкімшілік зайиет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әкімшілік зайиет, әкімшілік юрисдикция — мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың нақты әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарап, шешімін табуға және арнаулы тәртіпке сәйкес заң алдындағы жауапкершілік шараларын қолдануға қатысты заң актілерімен белгіленген қызметі. Бұл: 1) әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде; 2) азаматтардың шағымдары, өтініштері бойынша; 3) жаңалық ашу, өнертабыс жөнінде; 4) әкімшілік қадағалау, еріксіз емдеу т.б. бұлтартпау шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу қызметтеріне бөлінеді. Әкімшілік зайиет әкімшілік. құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізудің сатыларымен — іс қозғау, істі қарау және қаулы шығару, шығарылған қаулыға шағымдану (қарсылық білдіру), қаулыны орындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау және жаза шараларын белгілеу құзіреті, іс жүргізу мерзімдері, қатысушылардың құқылары мен міндеттері, т.б. белгіленген.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әкімшілік зайиет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}