Әкімбек Мырза Әлдебекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әкімбек Мырза Әлдебекұлы (1833—1886) — қазақ байы. Баянауыл өңіріндегі Қызылтау болысының құрылуына бастамашы болып, оған өзі қайтыс болғанша болыс болды. Халық арасында беделінің зор, абыройының жоғары болғандығынан онымен ешбір адам болыстыққа таласпаған. Ағайынға, кем-кетікке қайырымды, намысқой, қолы ашық болғандықтан “Әкімбек мырза” атанған. Жомарттығымен аты шығып, ізгілікті істері ел-жұртының жадында қалды. Қызылтау бауырындағы Түндік ауылында өз қаражатына мектеп салдырып, 20 орындық пансион ашты. Ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің еңбек жолын 16 жасында Әкімбектің ауылында молда болудан бастады. Әкімбек мырзаның материалдық қолдауымен ол Бұхар қаласында оқуға мүмкіндік алды.

Әдебиеті: Көпеев М.-Ж., Таңдамалы, 1-т., А., 1990.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әкімбек Мырза Әлдебекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}