Әйткеш Абайұлы Ыбраев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әйткеш Абайұлы Ыбраев (1924, Семей қаласы - 27.10.1944, Беларусь) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, зеңбірек командирі. Қазақ. Жеті жылдық мектепті бітірген соң «Қызылқұйған» ауыл шаруашылығы артелінде жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, 380-атқыштар дивизиясы 1264-полкі құрамында болды. Ол Калинин, Брянск, 2-Беларусь майдандарында ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың тамыз айында Беларусь жерін азат етуде Ыбраев асқан ерлік корсетті. Зеңбірегімен дәлдеп атып, жаудың 200-ге жуық әскері мен офицерін жойды, қару-жарақ тиелген 19 автокөлігі мен 55 зат-арбасын өртеп жіберді, танкіге қарсы ататын 6 зеңбірегі мен 12 пулемет ұясын жойып жіберді. Неміс- фашист басқыншыларына қарсы күресте корсеткен қаһармандық ерлігі үшін Ыбраевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3. 1945). Сондай-ақ ол Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әйткеш Абайұлы Ыбраев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}