Әйтей батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Әйтей Батыр Әйтей Құлманбетұлы 1712 жылы қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу өзенінің бойында жылқышының үйінде дүниеге келген. Шапырашты руының Асылынан тараған Орынбет ұрпағы, Құлманбеттің үш ұлының ең үлкені. Жастайынан жылқы бағып, тай мініп, асау үйреткен бала, ержете аттың құлағында ойнайтын шабандоз, бапкер, жылқыны өте жақсы танитын сыншы (сейістік) және ат бәйгесі мен көкпар, жеке сайыстарға көп қатысып, шынығып өседі.


Ол бала жігіт кезінен-ақ XVІІІ ғасырда қазақ жеріне, әсіресе, Жетісу өлкесіне тұтқиылдан шабуыл жасаған құба қалмақтың басқыншылық соғысына қарсы күрес жүргізген айтулы қазақ батырларының бірі. Елінің бас бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, атамекен жерді жаудан қорғап қалу үшін арпалыс жолында жан аямай жасақ жинап, күш біріктірген қолбасшы.


Тарихи деректер мен ел аузындағы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге жеткен шежіре мен аңыз әңгімелерге қарағанда, албан руынан шыққан беделді, ел билеген батыры Хангелдінің басшылығымен Әйтей қалмаққа қарсы көптеген ұрысқа қатысып, әбден шыңдалды.

  • 1729 жылдың көктемінде қазақ, қалмақ жасақтары екі төбенің басына жиналып, қан төгіспек үшін бірін-бірі жекпе-жекке шақырады. Қалмақ жағынан дене бітімі ерекше ірі жасақ Жамқайын атын ойнатып, екі төбенің ортасындағы жазыққа шықты да, найзасының ұшын қазақ жасақтарына қаратты. Ол жекпе-жекке шақырудың белгісі еді. Жамқайынның зор тұлғасын көрген қазақ қолы абыржып тұрып қалады. Дәті шыдап, жекпе-жекке ешкімнің шыға қоймайтын сыңайынан байқаған Хангелді қаны қашып, сұрланып, жан-жағына қарап, сарбаздарын өткір көздерімен шолып өтеді. Осы кезде ортаға атан төсті құлагерін ойнатып, Хангелдінің алдына Әйтей жетіп келеді де:


- Ата, батаңызды беріңіз! Жекпе-жекке мен шығамын! - депті. Сонда Хангелді оның түрін көріп:
- Балам, жастау екенсің, жасың нешеде, қайратың қандай еді? - деп сұрайды.
Әйтей:
- Ата, жасым он жетіде, бір топ тал шыбықты бұрағанда суын шығарушы едім, - дейді. Хангелді:
- Олай болса, балам, Алла жар болсын, Бәйдібек бабаңның әруағы қолдасын, әу¬мин! - деп қысқа қайырып, батасын береді.


Ауыздықпен алысқан құлагерін ортекедей орғытып Әйтей де жазыққа шықты. Екі сарбаз бір-біріне құйындата қарсы шаба жөнелді. Басын жіберген құлагердің құйрығы ұшқан құстың қанатындай түп-түзу болып көрінді. Екі ат бір-біріне жақындасқанда, батырлар ұстаған найзалардың қалқанға тиген ащы дауыстары шаңқ-шаңқ етіп, бар назарын осы екі сарбазға аударып тұрған жасақтарға естіліп тұрды.

Екеуі бірін-бірі көпке дейін ала алмайды. Қалмақтың қара күші басым болғанымен, амал-тәсілі шамалы, қимылы борпылдақ екен. Әйтейдің шапшаңдығына төтеп бере алмаған қалмақ әбден қансорпа болып терлеп, берекесі кете бастады.

Екеуінің ұрысы қанша уақытқа созылғанын кім білсін, бір кезде көз ілеспес жылдамдықпен қимылдаған Әйтей найзаның ұшымен қалмақтың кіндігінің тұсынан шаншып, бұрап-бұрап жіберіп, тартып қалғанда, оның ішек-қарны ақтарылып, өзімен бірге жерге түседі. Жерге екі бүктеліп топ ете түскен жауының басын Әйтей қылышымен шауып алады.

Мұны көрген қазақ жасақтары қуанғанынан «Бақтиярлап, Қарасайлап!» төңіректі күңірентіп жіберді. Қалмақтар жағы алдыңғы сенімінен айырылып, қатты абыржиды. Олардың жан-жаққа бытырап қаша бастағанын байқаған қазақтар лап қойып, жауды жеңеді. Осы ұрыстан кейін сол жердің аты «Ойрантөбе» болып, күні бүгінге дейін ел аузында айтылып келеді.


Ата-бабаның әруағы қолдап, алғашқы рет қалмақтың Жамқайын батырымен жекпе-жек ұрыста жеңіске жеткен бала жігіт Әйтейдің атағы тез арада Жетісу аймағына тарайды. Әйтейдің жұрт көзіне түсіп, батыр деген атаққа ие болып, соғысқа нағыз араласқан кезі осыдан басталады. Хангелді Әйтей батырды сарбаздарының мыңбасы етіп сайлайды.

Жалындаған жас жолбарыс Әйтей батыр әскери қолбасшылыққа ие болғаннан соң дереу іске кіріседі. Алғашқыда әскери жоралғыны неден бастарын білмеген ол, ағайын-туғанның «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұйымшылдық демеуі арқасында тізгін-шылбырды жетегіне алғаннан кейін, ар жағын тез-ақ меңгеріп кетеді.

Әйтей де басқа батырлардай елін, жерін қорғауда, азат етуде көптеген соғыстарға қатысып, жеңіске жетіп, қазақты ұятқа қалдырмайтындай, қалмақтарды қысқанда суын шығаратын батыр және ел қамқоршысы болды.

Басқа батырларға қарағанда Әйтейдің соғыс әдісі өзгеше болатын. Қарсы келген жаулары басы-көзін, қол-аяғын қорғаймын деп жүргенде, ол көбінесе кіндіктің тұсынан найзамен шаншып, болмаса қылышпен шауып, ішек-қарнын ақтарып, ердің басынан жерге шұбатып түсіреді екен.

Сондықтан, оның ұрысын естіген қалмақ маңайынан алыс болуға тырысатын. Онымен жекпе-жекке шығудан қашады екен.


Күз айы. Әйтей батырдың шатыры Қаскелеңнің терістік етегіндегі Қаратөбенің астындағы сайда, жау көре алмайтын Қарасу өзенінің бойында болатын. Осы қоныстың соғыста стратегиялық маңызы зор екенін батыр өте жақсы білген.

Қаратөбенің шоқысында тұрған күзетші-сақшы жан-жақты қырағылықпен көз жетер алыстағы аттыларды көріп, байқап хабарлап тұратын. Осындай жайбарақат күндердің бірінде аттан түспей әбден шаршаған жасақтардың көңілдері жай, тынығып жатқанда қалмақтар қоршап алып, естерін жиғызбай, соққыға жығады, біразы қашып құтылады.

Әйтей бастаған біраз тобы қалмаққа берілмей, қасық қаны қалғанша соғысып, олардың да сазайын береді. Қазақ сарбаздары қол жинап, соғысуға қайта келгенде, Әйтейді жеті жерінен найзамен түйреп, ат басы бойы жоғары көтеріп қойып, өздері қашып кетіпті. Бұл 1761 жылан жылы, батырдың қырық тоғызға келген мүшел жасы екен. Елімізде мүшел жасты адамның өз өміріне қауіпті жас деп айтады.


Әйтей қамығу, қорқу дегенді білмейтін көзсіз батыр еді. Сол кезде оған тең келерлік батыр сирек болатын. Батырлық қасиет оның жүрегінде де, білегінде де бар еді. Бірақ кейбір батырлардай Әйтейдің бағы жанбады. Фәни дүниеден ерте өтті, - деп, Шыбыл Жауғашар батырдың күрсініп, жүрегін елжірете айтқан әңгімелерін әкем Аманнан балалық шағымда көп естуші едім, - дейді, белгілі ақын, сазгер Жарылқасын Аманов.


Әйтейдің артында қалған балалары - Барлыбай, Естемес, Пұстынбай ұрпақтары кейін бабасының қаза болған жеріне қоныс теуіп, олардан тараған немере-шөберелері өсіп-өрбіп, өз алдына бір ауыл болады. Содан бері осы ауыл Әйтей батыр ауылы аталып келеді. Ал, Әйтей үлкен ұлы Мамырдың ұрпақтары әкесінің туып-өскен қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы жерлерін мекендеп қалады.


Кейін ұжымдастыру кезінде де колхоз Әйтей батыр болып аталды. Осы ауылда төрт бейіт бар. Қазіргі күмбез тұрғызылған бейіт -«Шошақ мола» деп аталады.


Жолдыбай, Маман, Арқанаты, Естемес ұрпақтарының бейіті қырда, қазіргі Тұрар ауылына төтесінен баратын жолдың бойында. Ал, Жиенбет, Боқаш ұрпақтарының бейіті - Қаратөбеде. Төртінші - ауылға кіреберіс жолдың екі жағындағы атаға бөлінбейтін бейіт. Ол жаппай ашаршылық кезінде пайда болған.


Ұлы Отан соғысы жылдары Әйтей батыр колхозын әйел адамдар басқарды. Әйтейдің бесінші буыны Есімнің қызы Мәстура - колхоз бастығы, Әйтейдің үшінші ұлы Барлыбайдан туған Маманның шөбересі Жазылбектің кіші ұлы Андайбектің әйелі Алуа - партия ұйымының хатшысы болды. Қазақтың дәстүрі бойынша ертеде әйелдер ата-бабасының есімін атамаған. Аудан көлеміндегі бір мәжілісте:

Сіздер қай колхоздансыз? - деген сұраққа Мәстура да, Алуа да ізеттілік, әдептілік сақтап, бабасының есімін айта алмай, күбірлеп жауап бермейді.

Содан бері аудан басшылары ауылдың атын өзгертіп «Интернационал» деп қойды.

  • 1941-1945 жылдарда болған Ұлы Отан соғысына Әйтей батыр ауылынан жүз он сегіз адам қатысып, олардың жартысы еліне оралмай, майданда қаза болды.
  • 1992 жылы ауыл тұрғындарының және батырдың ұрпақтарының сұрауы, талабы бойынша бұрынғы тарихи аты қайтадан «Әйтей батыр» ауылы болды.


Қазір осы ауыл екі мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен. Қаскелең ауданының құрылғанына жетпіс жыл толуына байланысты Қаскелең, 1999 жылы Қарасай батыр ауданы болып атанды. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} ЖАРЫЛҚАСЫН АМАНҰЛЫ

                                                                                ақын, сазгер, күйші.
  Совет Хан  Ғаббасовқа.

Қаз дауысты Совет Хан ! Қаз дауысты Қазыбектей – үндісің ?! Байтұрсынов Ахметпен – ойың бір, Ахметтей білімдісің.., тілдісің. Ұрпақ үшін... Түн ұйқыңды – төрт бөліп, Көкірегің өрт болып, Қайран Ерім – жүрмісің ?..

 «Жаның таза, тәнің таза болмаса, 

Жойылады Рухың» деп,

 «Егер Рухың болмаса,

Жойылады тілің,дінің, ғұрпың» деп, Шыбын жаның шырқырап жүр Ерім ай,

 «Бірте бірте жойылып,                                   

Кетер ме екен – Ұлтым» деп !

 «Өзге тілдің бәрін біл,                          

Өз тіліңді құрметте»- ... Деген ақын кім екен ? Кезі кеп бір тілдессе.

 Өз тілімді білемін,                               

Ұмытпаймын өлгенше. Жалау ету – жат тілін, Дерем – саған міндет пе ? Сақта Алла тағы да,

 «Үш тұғырлы тіл»   деген,            

Ұшырадық – індетке ?!

Саналы да санаулы, Сөз астарын – түсінер. Тілін білмей өзінің

 «Өзге тілді – білем»   деп,                

Қандай адам – күпінер. Біз секілді – Ұрпақ та, Мәңгүрттеніп кетпесе,

 «Сатқындар»   деп, бәрі де,            

Бетімізге – түкірер…


 Қайран – Сәкем,
Тіл  мен Діннің, Діл  мен Тіннің,
Тазалығы    қамы үшін,
Қайнап жатыр көкірегің де,         
Болат, құрыш – намысың.
Ұртындағы қан мен майды,
Айырмайтын топастар,
Ұстап берген жауыздарға,
Алаштың   
Әлихан мен Ахметтей арысын.
               
                                                                 
  “Заман солай болды ғой,   деп,                                       
Айтатында бар шығар.
Қиянатты көріп тұрып,
Оған қалай жан шыдар.
Қаз дауысты Совет Ханым,    
Ауыр жүк бар мойның да
Ердің Ері – нар шыдар. 
Байтұрсынов Ахметтей бір тумам,
Сөйлеп кетсең – тіліңнен бал тамшылар. 
Құтты болсын – Жетпіс  жасқа келгенің,
Әлі талай ақыл кенің,
Бұлақ көзің    аршылар.

24. 01. 2009ж.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әйтей батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}