Әйелдердің бейбітшілік пен бостандық жолындағы халықаралық лигасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әйелдердің бейбітшілік пен бостандық жолындағы халықаралық лигасы (Үлгі:Lang-en (WILPF)) — әйелдердің пацифистік ұйымы ретінде 1915 жылы «Әйелдердің берік бейбітшілік үшін халықаралық комитеті» деген атпен Әйелдердің халықаралық Гаага конгресінде құрылды. Қазіргі аты Цюрихте 2-конгресте (1919) қабылданды.

Лига 50-ге жуық елдің ұлттық секциясын біріктіреді (50 мыңдай мүше, 1962). Лиганың жоғарғы мүшесі-халықаралық конгресс, ол 3 жылда бір шақырылады. Конгресс аралығында лиганы конгресте сайланатын Халықаралық атқару комитеті (Женевада) басқарады. Лиганың президенті-Элем Холмгорд (Дания). Лиганың негізгі мақсаты: толық және жаппай қарусыздандыруды жүзеге асыруға; халықаралық дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақыру; саяси, әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыратын халықаралық ұйымның құрылуына ат салысу; соғыстың экономикалық, әлеуметтік, философиялық себебін зерттеп, оны болдырмау үшін күресу. Лига жыл сайын Бейбітшілік күнін ұйымдастырады. Лиганың өкілдері БҰҰ ұйымдастыратын түрлі комиссиялар мен конференциялардың жұмысына қатысады. БҰҰ-ның жанында халықаралық мәселелер бойынша Лиганың тұрақты консультанты бар. Лиганың штаб-пәтері Женевада. Ресми тілі-ағылшын, француз тілдері. 2 айда 1 рет «Бейбітшілік және бостандық» атты бюллетень шығарады.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 27-бет </ref>

Дереккөздер

<references/>