Әйелдердің Халықаралық Демократиялық Федерациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әйелдердің Халықаралық Демократиялық Федерациясы (ӘХДФ) (Үлгі:Lang-fr) —- әйелдердің халықаралық ұйымы. 1945 жылы 1 желтоқсанда Парижде құрылды. Дүние жүзі бойынша 88 елден 97 ұйымды (1969) қамтиды. ӘХДФ-ның жоғарғы мүшесі - конгресс. Конгресс 4 жылда бір шақырылады, оның аралығында ӘХДФ-ның жұмысын Совет, Бюро басқарады. ӘХДФ-ның тұрақты қызмет істейтін мүшесі - секретариат (Берлинде). Федерацияның президенті - Х.Куусинен (Финляндия). Федерацияның негізгі мақсаты - әйелдердің ерлермен тең құқығы үшін, тұрмыстың молшылығы, бейбітшілік, демократия және халықтардың тәуелсіздігі үшін күресу, ана мен бала құқығын қорғау. Әйелдердің толық және шын мәніндегі құқығы үшін күрес федерацияның жұмысында басты орын алады. Федерация 1948 жылы БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік жиынында әйелдерге ерлермен бірдей еңбек-ақы төлеу принципін енгізу туралы ұсыныс жасады. 1953 жылы Копенгагенде әйелдердің дүние жүзілік конгресі әйелдер құқығының деклерациясын қабылдады. Федерацияның инициативасы бойынша 1949 жылдан бастап жыл сайын 1 маусымда барлық елдерде Балаларды қорғаудың халықаралық күнін өткізу туралы шешім қабылданды.

Жетістіктері

ӘХДФ 1967 жылы Вьетнаммен халықаралық ынтымақ комитетін құрды. Автралия мен Жаңа Зеландияда ӘХДФ-ның басшылығымен «Ұлдарымызды құтқарыңдар!» деген аналар қозғалысы кең өріс алды. АҚШ-та 1968 жылы наурызда әйелдердің бейбітшілік үшін күрес қозғалысы Вьетнамдағы соғысқа қарсы марш ұйымдастырып, 8 мың әйел атынан үкіметке «қайғыру петициясын» тапсырда. ӘХДФ- ның бюросы (1968 жылы маусым) 200 млн әйел атынан Израиль агрессиясын айыптады. Араб елдерінің әйелдеріне ынтымақ ниетін білдірумен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясын шақыру туралы КСРО-ның ұсынысын қуаттады. ӘХДФ және оның ұлттық ұйымдары түрлі реакциялық күштердің бас көтеруіне қарсы күреседі. Еуропаның қауіпсіздігі мен бейбітшілігі конференциясына қатысқан Еуропаның әйелдер ұйымдары ГФР-дегі неонацизмге, бундесвердің ядролық қарулануына қарсы бірлесіп күресу, Еуропа қауіпсіздігінің жүйесін құру туралы шешім қабылдады. ӘХДФ-ның инициативасымен 1969 жылы маусымда дүние жүзі әйелдерінің 6-конгресі шақырылды. ӘХДФ-ның ресми тілі-ағылшын, орыс, испан, неміс,француз тілдері. Федерацияның мүшесі «Дүние жүзінің әйелдері» журналы 5 тілде шығады және 4 тілде ақпараттық бюллетень шығып тұрады.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 27-бет</ref>

Дереккөздер

<references/>