Әзірбайжан ұлттық кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әзірбайжанның М. Ф. Ахундов атындағы мемлекеттік кітапханасы (Үлгі:Lang-az). 1923 жылы 5 маусымда құрылған. 1939 жылдан республикалық кітапханасы болып саналды, 2,6 млн. дана кітап қоры бар (1970). Кітап қорының саны жыл сайын 200 мыңға дейін артып отырады. Азербайжан тіліндегі ұлттық кітаптар бөлмесінің қоры ерекше бағаланады. Онда М. Физулидің «Диуаны» (1849), М. Ахундовтың «Темсилаты» (1859), «Молла Насредин» журналының (1906-1930) комплектісі сақталған. Кітапхананың 11 арнаулы залында 23 мың оқушыға қызмет көрсетіледі. Баку кітапханасында «Бакудің 2 комиссары» (1968) деген библиографиялық көрсеткіш шығарылған.

Сыртқы сілтемелер