Әзімбай Бижанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әзімбай Бижанұлы (1854, Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы - 1922, сонда) - ақын. Абылай ханның жүз батырының бірі - Мамадайырдың ұрпағы. Әкесінің ағасы Меңдаяқ би сияқты өзі де ісімен, сөзімен ұлы Абайдың ықыласын алған. Ол ақындық өнермен жас ортасынан асқан кезінде айналысады. Әзімбайдың "Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан", "Безенген адамды білмейтұгын", "Келгенде қара өлеңге ағыламын", "Сарықүс" атты лирикалық өлең­дері, "Қазақ зары", "Кәрілік тура­лы" толғаулары, "жоқтау" үлгілері сақталған. "Сарыарқаның мәселесі", "Ақтамберді - Жаскілең" дастандарының, "Ахмет-Жүсіп", "Зейне сұлу", "Бораһат-Шерін", "Ғазіреті Ғали мен Дариға қызды" қиссаларын жазған. Әзімбай халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлының ақындық қалыптасу жолына әсері болған. Ақтамберді Сарыұлының туындыларын айтып жеткізудегі Әзімбайдың еңбегі зор. 1994 ж. Әзімбайдың "Ақтамберді - Жаскілең" атты өлеңдер мен қисса-дастандар жинағы алғаш рет жеке кітап болып жарық көрді (құрастырушы С.Боуов пен А.Тілеуханова).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}