Әзілкеш Шымырұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әзілкеш (шын есімі Әзірбай) Шымырұлы (1830, қазіргі Жалағаш ауданы Жүргенов ауылы – 1895, сонда) – айтыс ақыны. Әзілкеш жасынан ел аралап, толғау-термелер айтып, күй тартып, айтысқа қатысқан. Сан түрлі өнерімен «Дүр жырау» атанған. Арқадағы қыпшақ Қызболық ақынмен айтысқан. Әзілкештің өлең-жырлары көп болғанымен бізге санаулысы ғана жеткен. Оның Қызболықпен айтысын Ыбырай Алтынсарин Қазан баспасынан 1883 жылы жеке кітапша етіп шығарған. Құрманғазы Сағырбайұлымен үзеңгілес жолдас болған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Айтыс. 1 т. А., 1964; Киргизская Хрестоматия (из образцов собранных и записанных). Ташкент, І883.</ref> Әзілкештің жекелеген шығармалары Қазақстан ҰҒА Орталық кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}