Әжімбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әжімбай Қараөзен алабындағы канал. Батыс Қазақстан облысы Казталов, Жаңақала аудандарында орналасқан. Ұзындығы 55 км. Бастауын Фурманов каналы арқылы Көшім өз-нен алып, Қараөзен өз-не құяды. Ә. каналының бойында Жас, Қорған, Жұмағұлқұдық, Батырбай, Қарамыс, Шөкей а-дары бар. Сонымен қатар каналдан Талдыапан, Аққұс, Атақұдық, Талсай, Қайшақұдық а-дарына арықтар тартылған. Ә. каналы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}