Әжібай Қарпықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әжібай Қарпықұлы (1791 — 1866) — би.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін қолдаушы және оған белсене қатысушы. Кенесары Орынбор және Батыс Сібір губернаторлықтарының жеріне (Ұлытау — Ырғыз — Торғай) тұрақтай алмай, оңтүстікке қарай ойысқанда, Ресей үкіметінің қысымы мен қуғынына ұшыраған Әжібайдың елі де Сарыарқадан Сыр бойының Қоқан хандығына қараған Шиелі қыстағының маңына көшіп барған. Әжібайды Қоқан ханы өз руының датқасы етіп бекіткен. Әжібай датқа Арқадағы ағайындарымен қатынасын үзбей, белгілі би ретінде олардың дауларына араласып, рулар арасын ежелгі қазақ заңымен реттестіріп отырған. Омбы облыс мемлекеттік архивінде сақталған құжаттарда 1862 жылы қазан айында Сарысу бойын жайлайтын Кіші жүз рулары мен Ұлытаудың батыс бөктерін мекендеген қыпшақтардың арасындағы мал дауын шешуге Әжібайдың ерекше ықпалы болғандығы атап көрсетілген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}