Әд-Димашқи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шамс әд-Дин Мұхаммед әд-Димашқи әд-Димашқи (1256, Дамаск — 1327, Палестина, Сафад аймағы) — араб географы. Дамаскінің маңындағы Рабве деген жерде имам болған. Сопылық ағымның өкілі. “Нұхбат әд-дарх фи әджаиб әл-барр уә-л-бахр” (“Теңіз бен құрлық ғажайыптары таңдалатын кез”) атты 9 тараудан тұратын еңбегінің алғашқы тарауларында жердің беті, өзен-көлдер, көне дәуір ескерткіштері, Қиыр Шығыстан батысқа қарай орналасқан “Шығыс” мемлекеттері, мұсылман елдері туралы мәліметтер, ал 4, 5-тарауларда адамдардың мінез-құлқына сипаттама берілген. Онда Қазақстанның орта ғасырдағы оңтүстік-батыс өңірлері жөнінде тарихи-геогр. және этнол. мәліметтері құнды ғылыми дерек болып табылады. Бұл еңбекте сондай-ақ моңғолдардың батыс елдеріне жорықтары, Хорезмшах тарихы, түркі, қыпшақ тайпалары, олардың рулық, тайпалық құрамы айтылады. Дат ғалымы Мереннің француз тіліне аударған (1874) нұсқасы ғана сақталған. Шығарма 1866 және 1923 жылдары жеке кітап болып шықты. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Әдебиет

  • Медников Н.А., Палестина от завоевания ее арабами до крестовых походов по арабским источникам, СПб., 1902.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әд-Димашқи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}