Әділ Дүйсенбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Әділ Дүйсенбек - қазақстандық жазушы жəне редактор.

Өмірбаяны

1942 жылы 24 мамырда Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының жанындағы «Жас өркен» ауылында туған.

1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті.

19641967 жылдары әскер қатарында болып, әуе десантында қызмет етті. Әскери міндетін өтеп келген соң, университеттегі оқуын одан әрі жалғастырып, 1969 жылы бітіріп шықты.

Университеттің соңғы курсында жүріп республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне кіші әдеби қызметкер болып орналасты.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Содан бері үзіліссіз осы басылымда еңбек етті. Бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болған. Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде редактор болып қызмет етеді.

Шығармашылығы

Әңгімелері мен повестері бірнеше ұжымдық жинаққа енген. Баспадан

  • «Ақ күмбез» («Жалын» 1977),
  • «Көкжиек» («Жалын», 1979),
  • « Жүрек жылуы » (« Қазақстан », 1984),
  • «Тергеу әлі біткен жоқ» («Жеті жарғы», 1997),
  • «Көкжиек» («Фолиант», 2002),
  • «Қара шаңырақ» («Фолиант», 2004),
  • «Шерағамның шеруі» («Қазығұрт», 2007) деген кітаптары басылып шықты. 2002 және 2004 жылдары «Менің Шерагам» атты эссе-әңгімелер мен новеллалар жинағы («Өлке») шықты.

Жетістіктері

С.Ходжанов атындағы сыйлықтың лауреаты (1995). Елге сіңірген еңбегі үшін жазушы ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1987), «Еңбек ардагері (1988), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Ерен еңбегі үшін» (2002) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}