Әдейі туындатылған потенциалдар әдейі каротажы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әдейі туындатылған потенциалдар әдейі каротажы - Каротаж зондысы электродтары көмегімен ұңғыма оқпанына жіберілген қысқа екпінді тұрақты ток таужыныстар мен пайдалы қазбаларды полюстеуі нәтижесінде туындайтын ерекшеліктерді зерттеуге негізделген электірлік каротаж әдісі; ток екпіндерінің аралығында, яғни токтың кідірістеген кезінде туындатылған потенциалдардың мөлшері өлшеніп отырады. Потенциалдардың жоғары мөлшерлері көмір, кейбір руда және таужыныстардың кейбір литологиялық түрлері қойнауқаттарында туындайды.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify