Әдеби қаһарман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әдеби қаһарман көркем шығармада мінезімен, іс-әрекетімен, ой-толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға.


Әдеби қаһарманның ең жоғары жан-жақты шебер мүсінделген түрі - тип. Әр кездегі қоғамның мақсат-мұратына, эстетика ұғым-түсінігіне сәйкес әдеби қаһарманның түрліше типі болғандығы мәлім. Мысалы, қазақ ауыз әдебиетіндегі Ер Төстік, Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, 20 ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі Абай, Құнанбай, ("Абай жолы" эпопеясында), Еламан, Кәлен ("Қан мен тер" трилогиясында), т.б.


Қаһарман - батыр, ерекше ерлігімен, батырлығымен көзге түскен адам. Қаһарман сөзі араб, парсы тілдерінде құдірет деген мағына береді. Қаһарман қаһарлы, сұсы басым, түсі суық, айбынды, айбарлы адам. Араб, иран тілдеріндегі қиссаларда Қаһарман батыр ұғымына эпитет ретінде кездеседі. Оның жасаған қаһармандық іс-әрекеті өскелең ұрпақты жігерлілік, батылдық, табандылық, төзімділік секілді қасиеттерге баулиды. Еліміз тәуелсіздікке ие болғаннан кейін ерекше ерлігімен немесе ұзақ жылдардағы озық еңбегімен көзге түскен Қазақстан азаматтарына ең жоғарғы - Халық қаһарманы атағы берілетін болды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}