Әдеби мұра және оны зерттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Әдеби мұра және оны зерттеу», жинақ. Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналып өткізілген 1959 жылғы ғылыми-теориялық конференцияның материалдарынан құралған. Оған 8 баяндама, 9 қосымша баяндама, 29 жарыссөз, Әуезовтің қорытынды сөзі енгізілген. Кітапта қазақ әдебиетін зерттеудің келелі мәселелері, атап айтқанда, қазақ кеңес әдебиеттану ғылымының міндеттері, дөстүр мен жаңашылдық , қазақтың революцияға дейінгі және кеңес дәуіріндегі ауыз әдебиетін зерттеу 18 ғасырдан 20 ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ әдебиетінің даму үрдісі мен бағыты сөз болады. Баяндамашылар да, жарыссөзге шыққандар да Әуезовтің жазушылық шеберлігін, әдебиет туралы ой-пікірлерін мысалға келтіріп, улгі тұтқан. Ал ұлы жазушы конференцияның жұмысын қорытындылай келіп әрбір қаламгердің эстетикапық ерекшелікті, ұлттық характерді, сөз стилін, ең алдымен, өмірді тануды ескеру қажеттігіне тоқталған. Жинақ 1961 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Көлемі 36 баспа табақ, таралымы 1800 дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әдеби мұра және оны зерттеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}