Әдеби мұрағат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әдеби мұрағат, Мұхтар Әуезовтің мұрағаты. Бір заманда өмір сүріп, ой-ниет, мақсат-мүдделері бір алаш азаматтарының ішінде Әуезовтің мұрағаты бүгінге толығырақ жетті. Дегенмен 30-жылдарға дейінгі жазғандарының қолжазбалары сақталмаған. Сол қолжазбаларымен бірге «Ел ағасы» пьесасы, 1927 ж. Қызылордада басылып шыққан «Әдебиет тарихының» 2-кітабы, «Жетісу қазақтарының фольклоры» деп аталатын үлкен монографиясы, А. Кронның «Мстислав Удалой» пьесасының аудармасы, Абылай туралы жазбалары, әр түрлі жоба-жоспарлары қоса жоғалды. 1928 ж. жазылған «Өз жайымнан мағлұмат» деп аталатын өмірбаяндық мақаласында мыналарды айтады:

«22-23-жылдың қысында Ташкенде «Шолпан» журналын шығардық, сонда біраз әңгімелер бастырдым, 1924 жылы қыс елде тұрып, бір роман жазып едім, ол әлі баспадан шыққан жоқ... 1925 жылы Семейде «Таң» журналын шығардық, сонда бірнеше әңгімелерім басылды. Сол қыста «Қаракөзді» жаздым, 26-27-жылы «Сұғанақ сұр» деген повесть жазып едім, баспаға шықпады»(папка № 382, 5-бет).

30-жылға дейін жазғанынан мұрағатын толықтыратыны - жаңағы «Өз жайымнан мағлұмат», «Хан Кене» пьесасының араб әрпіндегі алғашқы нұсқасы, оны өзінің орыс тіліне аударғандағы қолжазбалары, қырғыздың батырлық эпосы «Манасты» зерттеу мақсатымен Ыстықкөл, Бішкек маңайындағы ауылдарда болып, сонда естіген әңгімелер мен манасшылардың айтқан жырларын жазып алғандағы шағын блокнот қана. 1932 ж. түрмеден босап шыққан Әуезов шығармашылық жолдамамен Қазақстанның оңтүстік өңірінде болды. Сонда Жуалы, Тулкібас аудандарының бірсыпыра шаруашылықтарымен таныса жүріп жазған қойын дәптерінен бастап, одан бергі әрбір дүниелерінің түпнұсқалары түгелге жуық сақталған. Ондаған пьесалар, әңгімелер, очерктер, әдеби-сын, публицистикалық мақалалар, ғылыми-зерттеу еңбектері, аудармалары, Абай туралы зерттеулері мен романға қатысты аса ауқымды деректері осы тұстарда қағазға түсті. Көптеген блокнот-дәптер, жекелеген қағаздардағы көркем шығармаларына, зерттеу еңбектеріне қозғау салған ой-толғаныстардан тұратын жазбалары да мұрағат құндылығын арттыра тұседі. Ал еңбектерінің орыс тілінде жазылуы «Манас» эпосы туралы монографиялық зерттеулерінен басталды. Сөйтіп жазушының әдеби мұрағат «Көксеректің» 2 - 3 беттік қолжазбасынан бастап, ең соңғы Кунцево ауруханасында қағазға түскен ой-толғаныстары аралығындағы қалың-қалың папкалар, бір беттік, жарты беттік жазбалары құрайды. Әуезовті әлемге танытқан дүниелердің барлығы осыларда жатыр. Қаламгердің бұл мұрағатында бөтен адамдардың еңбектері де бар; олар: өзі жетекшілік еткен студенттер мен аспиранттардың дипломдық, диссертациялық жұмыстары, әдебиет тарихы мен мәселелеріне қатысты ақыл-кеңес берген, өз қолымен жөндеп, түзеп, бағыт-бағдар нусқаған еңбектер. Бұлардың ішінде Жусіпбек Аймауытовтың өмірбаяндық мақаласы мен «Ақ білек» романы, I. Жансүгіров, С. Мүқанов, Ж. Сыздықов, С. Сәдуақасовтар берген алты сұраққа қайтарған жауабы, Б. Кулеевтің бір томдық қолжазбалары, С. Сәдуақасовтың «Сәрсенбек» романы бар. Бұлардан бөлек біраз жазбалары Мәскеудегі Шығыс институты мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында, Ұлттық Ғылым академиясының кітапханасында тұр. Ғылыми-мәдени орталықтағы архиві 700-дей папкаға жинақталған. Одан тыс есепке алынбағандары да бар. Енді осы папкалардағы дүниелер былай жүйеленген: 1-ден 37-папкаға дейінгісі «Абай жолы» эпопеясының қолжазбалары мөн машинкада басылғандары, түрлі нусқалары, қосымшалары, ел аузынан жинаған деректері, өзгелердің және өзінің орыс тіліне аудармалары, аудармашыларға идиомалық, фразалық сөз тіркестерін теріп алып, түсіндірулері, толып жатқан жоба-жоспарлары болса, осыған жалғас отыздан астам папкалардан әңгіме-повестері мен очерктері орын алады. Булардан кейінгі папкаларда драмалық шығармалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері, сын мен публицистикалық мақалалары, көптеген ғылыми еңбектер мен дипломдық, диссертациялық жұмыстарға жазған пікірлері, жолжазбалары, хаттары сияқты болып жалғасып кете барады. Хаттарда өзінің жазғандары және өзгелердің оған жазғандары жатады. Бұлардың қатарында «Сақталып қалған» дейтін біралуан материалдар бар, олар: жазушыға жіберілген ғылыми, көркем еңбектер, тарихи деректер, дипломдық, кандидаттық , докторлық жүмыстар, ауыз әдебиетінің белгілі өкілдері мен фольклорлық туындылардың нүсқапары. Осылардың ішінде Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» (сөз басы), «Еңлік - Кебек» дастанының алдыңғы бөлімі, оның Әріпке жазғаны, Әріптің Байкөкшеге жазғаны, Мағауияның «Хисса Жүсіп Кавказдағы», «Медғат - Қасым», «Еңлік - Кебек», «Манастың» Қырғызстанда жинақтаған көп томдық жазбалары, Күдеріқожа мен Ұлбикенің айтысы, Мырзаби оқиғасы тағы басқалар. Бірлі-жарым болмаса, мұрағатында 30-жылдарға дейінгі шығармаларының қолжазбалары немесе машинкада басылған сияқты нұсқалары жоқ. Өйткені 1930 ж. өзін устағанда, бүкіл қолжазбалары мен кітаптарын қоса әкеткен. Әуезов қолынан шыққан еңбектердің жай-жағдайына көз жүгіртсек, мынадай нәрселер байқалады: 30-жылдардағы шығармаларының түпнұсқалары негізінен қолмен латын, араб әріптерінде жазылып, машинкада басылғандары сирек болса, 50-жылдарға келгенде бұл машықтың өзгергендігі көрінеді. Бұрынғы шығармалары көп жағдайда қалың-қалың дәптерлерге жазылған, ал жай қағаздағылары ұқыпты түптелген. Бүл әдіс «Абай жолының» алғашқы кітаптарында да сақталған. Кейінгі жылдары көрген-білгенін, оқыған, ізденген кездерде туындаған ойларын, кейбір жоба-жоспарлары мен жол-жазбаларын қағазға түсіргені болмаса, қалғандарының барлығы машинкада басылған. Жалпы Әуезов қолынан туындаған туындылар түгел дерлік осы мұрағаттан табылады. Көпшілігінің бірнеше нұсқалары бар, бұл әсіресе зерттеушілер үшін қажет. Шығармашылық лабораториясы осыларды салыстырулардан, тексерулерден шығады, сөйтіп жазушы бітімі түлғалана түседі, бүлар әлі де жазушыны биіктете, ірілендіре береді. Тұтас мұрағаттағы дүниелер - жазушы болмысын, бүкіл жаратылыс-бітімін бойына жинаған баға жетпес ескерткіш.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әдеби мұрағат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}