Әдебиет Молдаханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әдебиет Молдаханов (1936 жылы 6 маусым, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тұғыл ауылында) – филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (1999). ҚазПИ-ді (1960, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. ҚазҰПУ-да аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1962–92), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі (1992–98) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде профессор «Мұхтар Әуезов және фольклортану проблемалары (ғылыми-зерттеулері мен көркем шығармалары негізінде)» атты тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref name="source 5">Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>