Әбіқаев Ахметхан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбіқаев Ахметхан (1904, қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Шилі ауылы — 1986, сонда) — ақын. 1936 — 46 ж. Амангелді, Жангелдин аудандарындағы халық театрында әнші, күйші, актер болды. Әбіқаев айтыс ақыны ретінде де танылған. Нұрқан Ахметбеков, Сәт Есенбаевпен айтысқан. 1957 ж. Алматыда өткен ақындар айтысында Сәттіғұл, Игібай, Қалқа, Нұрқанмен сөз сайысына түсті. Оның Әли ақынмен айтысы мектеп оқулығына, “Айтыс” (1965) “Ақындар шықты айтысқа” (1960) жинақтарына енген. Ахметбековтың “Айрылысу амалсыз” деген ұзақ толғауында Ахметханның азаматтық, өнерпаздық тұлғасы ашылған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub