Әбіш Жандыбайұлы Құнанқараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құнанқараұлы Әбіш Жандыбайұлы (туып өскен жері белгісіз) — 19 ғасырда өмір сүрген сәулетші. Баршақұм өңірінде (қазіргі Қарағанды облысы Жетіқоңыр ауданы) туып өскен. Атасы Құнанқара танымал сәулетші болған. Құнанқараұлы тұрғызған “Тіркеспе” атты қызыл кірпіштен өрілген тұрғын-жайлар қазақ сәулет өнерінде кең тараған. Мұнда тұрғын-жайдың қонақ үйі, жатын бөлмесі, ас үйі, шоланы, сондай-ақ жатақ үйі мен астық қоймасы, отын-суға арналған қора-қопсысы бір-бірімен жалғасып салынады. 19 ғасырда салынып, Ұлытау, Қарағанды, Арқа өңіріне кең танылған Қалманбай үйін Құнанқараұлы тұрғызған. Құнанқараұлы мазар тұрғызу ісінде Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездесетін сегіз қырлы негіз бен көк күмбезді құрылымды алғаш қолданған сәулетшілердің бірі. Ол Сарысу өзені бойындағы Рахметолла, Жетіқоңырдағы Байсақал мен Ерубай, Сарыкеңгір өзені бойындағы Мөлдір бәйбіше мен Жұмабек мазарларын салған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}