Әбу Осман Әмір Әл-Жаһиз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбу Осман Әмір Әл-Жаһиз, Әбу Осман Әмір ибн Бахр әл-Жаһиз (шамамен 767, Басра — 868 — 69, сонда) — әдебиетші, тарихшы. Аббас әулеті тұсында сарай қызметкері болған. Ол әдебиет пен тілге қатысты (“Орналасу және дәлелдеу кітабы” т.б.), мұсылман елдері жөнінде саяси-тарихи 100-ден астам (“Арабтар мен парсылар туралы кітап” т.б.) еңбек жазған. Солардың ішінде “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) аталатын еңбегі Қазақстан тарихы үшін маңызды дерек болып табылады. Шығармада қазақ жерін мекендеген түркі тайпалары туралы этнолог. мәліметтер беріліп, Аббас әулеті халифтарының әскер құрамындағы түркілердің жауынгерлік ерліктері баяндалады.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбу Осман Әмір Әл-Жаһиз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}