Әбу Махмұд әл-Ходжанди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбу Махмұд Хамид ибн әл-Хизр әл- Ходжанди (тәж. Абу Махмуд Хамид ибни ал-Хизр ал-Хучанди) – Ходжент қаласында туып өскен және Рейде еңбек еткен парсылық математик және астроном.

Оның жақсы танысы Аль-Бирунидің айтуынша, ал-Ходжанди ’’өз кезеңінде астролябтар мен басқа құралдарды құрастырудың өте ерекше көрінісі болды’’. Ол Рей жерінде әлемге танымал ‘’Фахтиев секстантын’’ құрды, бұл Ал-Бируни трактаттарында сипатталған.

Ал-Ходжанди бірқатар астрономия ғылымының еңбектерін жазған: ’’Астролябпен әрекеттер туралы кітап «Заркала»’’, ’’Әмбебап құрал туралы кітап’’, ’’Көкжиектің тимпаны туралы кітап’’, ’’Эклиптиктің көлбеулігін анықтау туралы кітап ’’, ’’Аймақтың көлбеулігі мен кеңдігін анықтау туралы кітап’’, ’’Құбыла азимуты туралы кітап’’.

‘’Өткен түннің сағаттары туралы кітапта’’ ал- Ходжанди (Абуль-Уафа мен Ибн Иракпен бір кезде) сфералық үшбұрыштың синустар теоремасын дәлелдеп, сфералық астрономия есептерін шығарылуын жеңілдетті, одан бұрын олар толық төртжақ үшін арналған Менелая теоремасы арқылы шығарылды.

Анықталмаған анализде ал-Ходжанди кубтық сандардың сомасы кубтық сан бола алмайтынын дәлелдеуге тырысты – бұл ұлы Ферма теоремасының жеке оқиғасы. Бұл дәлелдеу сақталмаған; ол туралы Ибн ал-Хусайн өз шығармасында айтып кетті.

Әдебиеттер

  • Абдулла-заде Х. Ф., Негматов Н. Н. Абу Махмуд Худжанди. Душанбе: Дониш, 1986.
  • Булгаков П. Г. Ранний трактат Бируни о секстанте Фахри. Историко-астрономические исследования, 11, 1972, с. 211—219.
  • Матвиевская Г. П. Учение о числе на средневековом Ближнем и Среднем Востоке. Ташкент: Фан, 1967.
  • Матвиевская Г. П. Очерки истории тригонометрии. Ташкент: Фан, 1990.
  • Таги-заде А. К., Вахабов С. А. Астролябии средневекового Востока. Историко-астрономические исследования, 12, 1975, с. 169—225.
  • Таги-заде А. К. Квадранты средневекового Востока. Историко-астрономические исследования, 13, 1977, с. 183—200.

Сілтемелер