Әбужан Өтениязов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өтениязов Әбужан

Өтениязов Әбужан – кен инженері, техникалық ғылым кандидаты (1980). Ол кісі 5.5. 1927 жылы, Арал аудaны Бөген ауылында туды. Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1954). Жезқазған мыс кенінде (19541955), Ащысай полиметалл комбинатында (19551984), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен істері институтында (19841999) басшылық және ғылым жұмыстармен айналысқан. Өтениязов Мырғалымсай кен орнында кен шоғырларын оңтайлы ашу мен дайындаудың жобалық-сұлбалық құжаттарын жасауға және өздігінен жүретін машиналарды (жабдықтарды) қолданып, қазу жүйелерінің тиімдісін таңдауға атсалысқан; ғылым-зерттеу мекемелерімен бірлесе отырып комбинат кеніштерінде шахта оқпандарын жүргізудегі жаңа техника мен технологияны, Ащысай полиметалл комбинатының кеніштерінде әр түрлі қазу жүйелерінің соңғы нұсқаларын ұсынып, өндіріске енгізген. Күрделі тау-гидрогеологиялық жағдайда «Глубокий» кенішін жобалауға және салуға белсенді қатысқаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығын алған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

Ю. Мальченко <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбужан Өтениязов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}