Әбубәкiр Ахметше

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox writer

Әбубәкiр Ахметше (18.8.1948 ж., Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1990), профессор (1997).

Алматы зоотехника-малдәрiгерлiк институтын бiтiрген (1970, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық унниверситеті). Еңбек жолын Қазақ қаракөл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында лаборант болып бастаған. 1971–98 ж. кiшi ғылыми қызметкер, аспирант, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушiсi, директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасары болды. 1999 жылдан бас ғылыми қызметкер. Ғылыми iзденiс жұмыстарын жүргiзу барысында қаракөл қойының селекциясы мен одан алынатын өнiмдi өңдеу технологиясына теория тұрғыдан елеулi жаңалықтар енгiздi. 55 ғылыми еңбектiң авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub