Әбубәкір Ерекешов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбубәкір Ерекешов (10 қараша 1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Көзжетпес ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2001).

Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1970). 1972 — 74 ж. Алматыдағы 1-қалалық балалар ауруханасында хирург, бас дәрігер (1988 — 91), 1974 — 88 ж. облыстық балалар ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі (1977 — 85), бас хирург (1985 — 88), 1991 — 95 ж. Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, доцент болып жұмыс жасады. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігіне қарасты Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында курс меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері балалар травматологиясына арналған. Ерекешов иық сүйектері (тоқпан жілік, асық жілік), қол-аяқ сүйектері зақымданған балаларды, ұршығы шығып кеткен (іштен туа біткен) нәрестелерді, бауырда болатын жылауық құртты, перитонитті хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін және жедел қабыну салдарынан болатын өкпенің тесілуін алдын алатын жаңа хирургиялық емдеу жолдарын ұсынды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбубәкір Ерекешов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}