Әбжан Омарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбжан Омарбаев (1913-1981) - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қарқаралы қаласындағы колхозшы жастар мектебін бітірген.

Еңбек жолы

1930 жылдан бастап баспасөз органдарында — «Еңбек майданы», «Қарағанды пролетариат», «Большевиктік жол», «Қарағанды комсомолы», «Балқаш жұмысшысы» газеттерінің редакцияларында түрлі қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысы кезінде зауытта жұмыс істейді, бригадир болады. Соғыстан кейінгі жылдары «Социалистік Қарағанды» газетінің Қарқаралы ауданы бойынша меншікті тілшісі болып істейді. Өмірінің соңғы жылдарында Қарқаралы аудандық «Октябрь туы» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

Еңбектері

«Жоғалған жер», «Балқаш жұмысшысы» газетінде, «Қоңырат туралы жыр» (Поэмалар, 1945—1946) және «Біздің цехтың адамдары» повесі 1962 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған. 1969 жылы «Кәрлен кесе» атты әңгімелер жинағы «Жазушы» баспасынан шыққан. «1941 — 1945 жылдар дағы Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}