Әбдірахман Досанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досанов Әбдірахман(1904, Тараз қ. – 30.10.1972, Алматы) – заңгер. 1921 ж. теміржол техникумын, Ташкентте ОГПУ-дың дайындық курстарын бітірген. 1921 – 29 ж. ОГПУ-дың Қарағанды облысындағы органдарында қызмет етті. 1937 – 39 ж. Ақтөбе облысы сотының судьясы, Родников ауданы атқару к-тінің хатшысы; 1939 – 40 ж. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы партия к-тінің бірінші хатшысы; 1940 – 42 ж. Қазақ КСР Әділет министрінің орынбасары, БК(б)П Алматы обкомының бірінші хатшысы; 1942 – 43 ж. Мәскеудегі Қызыл Армияның жоғары саяси мектебінде оқыды; 1944 – 45 ж. Белорус майданының 34-жеке саперлік-инженерлік бригадасының саяси жетекшісі; 1946 – 58 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы. Қызыл Ту, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдірахман Досанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}