Әбдімәлік Әбдіқадырұлы Бұхарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдімәлік Әбдіқадырұлы Бұхарбаев (14.2.1940 ж.т., Ташкент қ.) - суретші-монументші, портретші. Ташкент көркемсурет училищесінің қолданбалы өнер бөлімін (1968), Мәсқеу театр-көркемсурет институтын бітірген (1973). Өзбекстанның көптеген ірі архитекторлық объектілері мен құрылыстарын безендіруге қатысқан. Ташкент метрополитеніндегі "Хамза" мен "Өзбекстан" станцияларын "Нор су", "Тата" қонақ үйлерін, Ташкент радиотеледидар орталығын, Халықтар достығы сарайын өрлеуге қатысқан. 1990 жылдан өз халқының тарихы мен мәдениетіне, оның дана ойшылдарына ойысып, циклді портреттер жазған. Бұхарбаевтың портреттік галереясы Күлтегін, Асан Қайғы, әл-Фараби-ден бастаған, бүгінгі қоғам және өнер қайраткерлері Н.Назарбаев, Б.Төлегенова, Т.Әубәкіров, Ф.Оңғарсынова, т.б. қамтыған жүзден астам портреттер циклінен тұрады. Осы циклдің ішінде ұлы қазақ жазушысы М.Әуезовтің шығармашылық өмірінің әр кезеңіне арналған туындылары 15 топтамадан тұрады. Өзбеқстанда, Қазақстанда, т.б. көптеген елдерде бірнеше көрмесі ұйымдастырылған. Екі дүркін Өзбекстан Мейл. сыйл. лауреаты (1976, 1982). "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.


<ref name=”source1”> “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том </ref>

Пайдаланыл?ан ?дебиет</span>

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдімәлік Әбдіқадырұлы Бұхарбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}