Ұңғыманың резистивиметриясы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ұңғыманың резистивиметриясы. Жуғыштау сұйығының меншікті кедергісін резистивиметр көмегімен өлшеу. Бұл өлшемдердің нәтижелері әр түрлі ұңғымаларда немесе бір ғана ұңғымада әр түрлі уақыттарда алынған каротаждың қисық сызықтарды салыстыру, тау жыныстарының шынтуайтты меншікті кедергілерін көріністі кедергілер негізінде есептеп шығару, ұңғымаға судың ағып келу орнын анықтау т.с.с. барысында қолданылады.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>