Ұңғымаларды бұрғылауды геологиялық қадағалау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұңғымаларды бұрғылауды геологиялық қадағалау. Ұңғыманы бұрғылау процесі барысында жүргізілетін қадағалаулар кешені. Бұл қадағалауға кіретін шаралар: геологиялық қима тұрғызуға қажетті деректер алу (тасбаған, қойыртпақ, грунт алуды бақылау, оларды көзбе-көз зерттеу және лабораториялық зерттеу нәтижелерін тұжырымдау, бұл мәліметтерді каротаж деректерімен салыстыру); мұнаймен немесе газбен қанығу белгілерін анықтау, бұрғылаудың ұтымды технологиясын қамтамасыз ету, қиындықтардың туындауын болдырмау, өнімді қойнауқат көздерін сапалы түрде ашу мүмкіндіктеріне тікелей әсер ететін жуғыштау сұйықтары сапасын ұдайы бақылап отыру, өнімді қойнауқаттар көзін берілген координаттарда ашу мақсатында инклинометрия деректерін саралау; мұнай, газ, су тексермелерін алу және зерттеу; игеру тізбектерін ұңғыма оқпанына түсіру процесін және оларды цементтеу саласын қадағалап отыру; ұңғыманың тұмшалану дәрежесін тексеру; ұңғыманы теспелеу және игеру жұмыстарын жоспарлау әрі бақылау; жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ережелерінің сақталуын қадағалау.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұңғымаларды бұрғылауды геологиялық қадағалау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}